Көшедегі велокортеж: Петропавлдық жұп үйлену тойын ерекше атап өтті

None
Фото: instagram.com/skopetro_news
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда жас жұбайлар дәстүрлі автокортежден бас тартып, үйлену тойын достарымен бірге велосипед теуіп, табиғат аясында атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерекше үйлену тойынан видеокадрлар әлеуметтік желіде пайда болып, көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Велосипедтерін түрлі-түсті шармен безендіріп алған бір топ адам қалыңдық пен күйеу жігіттің артынан еріп, Петропавлдың орталық саябағымен, көшелерімен жүріп өтті.

Людмила мен Юрий 2021 жылы әлеуметтік желіде, велосипед тебушілердің басын қосқан топта танысқан екен. Кейін таныстықтары махаббатқа ұласып, биыл шаңырақ құруға бел байлаған. Ал салтанатты іс-шараны ерекше атап өтпек болады.

Нәтижесінде жастардың үйлену тойы Петропавл маңындағы «Вороний остров» деп аталатын жерде, табиғат аясында ұйымдастырылды.

«Мерекелік іс-шара жастардың өмір салтына сай өтті. Екеуі де велоспортты жақсы көреді. Сондықтан жас жұпқа арналған арка гүлмен, велосипедтермен безендірілді. Олардың қуанышымен бөлісуге достары, туыстары, екеуін табыстырған әлеуметтік желідегі топқа мүше велоспортшылар келді. Тойда музыка да, би де, түрлі байқаулар да болды. Бұл ерекше үйлену тойы көптің есінде ұзаққа сақталары анық», - деп жазды жаңалықпен бөліскен жергілікті пабликтердің бірі.


Соңғы жаңалықтар