Көшедегі сауда үшін жер телімдерін беруді мақұлдау мерзімі қысқартыла ма

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациясы көше саудасы үшін кәсіпкерлерге жер телімдерін беруді мақұлдау мерзімдерін қысқартуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жер телімдерін жалға беру процесі өте күрделі. Жер учаскесін алу үшін өтініш білдірген адам 15 кезеңнен өтуі керек. Оған 4,5-6 айға дейін уақыт кетеді. Құжаттарды қабылдау, оларды бірыңғай базадан тексеру, қайта түзету сияқты кезеңдердің әр қайсысына 15 күн кетеді. Осылайша, «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасы арқылы жер телімін жалға алуға 187 күн қажет. Сондықтан, бұл кезеңдерді жеңілдетіп, жер телімін беруді мақұлдау мерзімін қысқартуды қарастыруды сұраймыз», - деді Еркеғали Әлімқұлов.

Оның мәлімдеуінше, тағы бір мәселе – кәсіпкерлердің жер учаскелерін өз бетінше таңдауы. Кәсіпкер учаскені таңдайды, құжаттарды тапсырады. Бірақ, нәтижесінде ол таңдаған аймақта бос орынның жоқ екені аныталады. Осыған байланысты әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациясы сәулет басқармасы және аудан әкімдіктерімен бірлесіп, қандай учаскелерді жалға алуға болатындығы туралы алдын ала хабарлануы үшін ұсыныс енгізбек.

Еске салайық, бұған дейін «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасы арқылы кәсіпкерлерге жер телімдерін жалға беру нәтижесінде 534,4 млн теңге табыс түскенін хабарлап едік.


Соңғы жаңалықтар