Көшеде танысқан: Астанада келіншек ер адамды тонап кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда дәмханаларының бірінде келіншек жаңа танысын тонап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елордадағы дәмханалардың бірінде ұрлық жасаған күдікті 36 жастағы әйел ұсталды. Ол көшеде ер адаммен танысып, күдікті онымен бірге дәмханаға кірген. Ішімдік ішу барысында күдіктің жаңа танысы үстел басында ұйықтап қалған. Осы сәтті пайдаланған әйел құны 50 мың теңге болатын оның ұялы телефонын ұрлап, белгісіз бағытқа бой тасалаған», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, күдікті кінәсін мойындап, заттай айғақ тәркіленді. Полиция қызметкерлері күдіктінің елорда аумағында жасалған дәл осындай қылмыстарға қатысын тексеріп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынған.


Соңғы жаңалықтар