Көшеде ойнап жүрген балалардың бірін аю талап өлтірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Красноярск өлкесіндегі Таймыр жарты аралында елді мекенге аюдың шабуылдауы салдарынан 6 жасар бала қаза тапты, деп хабарлайды Ресейдің өңірлік ТК Бас тергеу басқармасы.

Алдын ала дерек бойынша, оқиға сенбі күні кешке, 23 қыркүйекте Хета кентінде болған. Далада ойнап жүрген балаларға кенеттен орманнан шыға келген аю шабуыл жасаған. Қауіпті жыртқыш балаларға тап беріп, олардың біреуін тырнағына іліктірген.

Қалған балалар қашып құтылып, ересектерді шақырған. Ер адамдар шұғыл жетіп, аюды өлтіргенімен баланы құтқару мүмкін болмады.

Оқиға орнына тергеу-жедел тобы келді. 

Соңғы жаңалықтар