Көшеде не үшін маска тағу керек – Айжан Есмағамбетованың жауабы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова таза ауада да маска тағып жүруге кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жабық ғимаратта қорғаныс маскасын тағып жүру міндетті. Ал күнделікті сандардың жағдайға қарай қалыптасатынын ұмытпау керек. Қазақстанда тіркелген аурудың 70 пайызы еш симптомсыз өткен. Яғни, ауру белгілері болмаса да, науқастар инфекция тасымалдаушы болған», - деді бас санитарлық дәрігер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ашық ауада да маска тағуға кеңес береді және оның себептерін де көрсеткен.

«Адам бір минутта 3-4 рет бетін, көзін ұстайды және оны өздері байқамайды. Оны қадағалап жүру де мүмкін емес. Бет пен көзді кір қолмен ұстау – инфекцияны жұқтырудың бір жолы. Ал маска ауызды, мұрынды жауып тұрады және шаң-тозаңнан, инфекциядан сақтайды. Сол үшін көшеде де маска тағып жүру ұсынылады. Бұл коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін азайтады», - деді А. Есмағамбетова.

Бұған дейін бас санитарлық дәрігер Қазақстан әуежайларында өзге елде жүргізілген ПТР тестінің нәтижесі қабылданатынын хабарлаған еді.

Одан бөлек, Одан бөлек, А. Есмағамбетова әуе, темір жол қозғалысы ашылса да, блокпосттардың неге алынбайтынын түсіндірді. Сонымен бірге, COVID-19 науқасымен байланыста болғандар екі топқа бөлінетін болады.



Соңғы жаңалықтар