Көшеде мылтық атқан Қостанай тұрғыны ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласының орталығында мылтықпен оқ атқан ер адам қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Қостанай қаласындағы Уральская көшесінің бойында болған.

«Азамат З. аңшы мылтығынан оқ атқан. Оған қатысты ҚР әкімшілік кодексінің 436 бабы бойынша хаттама толтырылды. Ол өзінің заңсыз әрекеттері арқылы «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы ҚР Заңының 15-18 бабының талаптарын өрескел бұзған. Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен З. әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген облыстық соттың баспасөз мәлімдемесінде.

Заң бұзушыға 20 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар