Көшеде екі адамды пышақтаған Текелі тұрғыны сот залынан босатылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында көшеде кетіп бара жатқан белгісіз екі адамға пышақ жарақаттарын салған айыпталушыға сот үкімі шықты. Текелі қаласының тұрғыны 3 жыл 6 айға шартты түрде кесіліп, сот залынан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сараптама қорытындысы зардап шеккендер жеңіл дене жарақатын алғанын көрсеткен. Ал күдікті көп ұзамай қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Тергеу ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша жүргізілді. Сотталушының өз ісіне өкінетінін, оның бұған дейін сотталмағанын және жәбірленуші тараптан өтініштің түсуін есепке ала отырып, қалалық сот оған шартты жаза кесті", - деп мәлім етті полициядан.

Үкім оқылғаннан кейін 23 жастағы азамат сот залынан босатылды. Сотталушы 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектелді. Сондай-ақ ол жылда 240 сағаттық жұмысқа тартылатын болды.

Соңғы жаңалықтар