«Көшбасшылар Елбасы жайында» деректі фильмі көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 6 шілде күні отандық бірқатар телеарна ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Көшбасшылар Елбасы жайында» деп аталатын жаңа деректі фильм көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Көшбасшылар Елбасы жайында« деп аталатын деректі фильмде ҚР Тұңғыш Президентінің әлемнің жетекші елдерінің басшыларымен келіссөздері, әңгімелесу барысындағы эксклюзивті сәттер таспаланған тарихи киножылнаманың бірегей кадрлары ұсынылады»,- делінген ҚР Президенті телерадиокешенінің Instagram парақшасында жарияланған аңдатпада.
Сонымен аталған жаңа деректі фильм отандық мына телеарналарда 6 шілде күні көрсетіледі:
«Kazakh TV» телеарнасы, сағат 12:10.
«Алматы» телеарнасы, сағат 13:00 (қазақ тілінде).
«КТК« телеарнасы, сағат 12:00.
«Білім және мәдениет» телеарнасы, сағат 12:00.
«Qazaqstan» телеарнасы, сағат в 12:00.
«Хабар24» телеарнасы, сағат 22:15.
«Хабар» телеарнасы, сағат 19:10.
- «СТВ» телеарнасы, сағат 19:00.
- Қазақстанның Тұңғыш Президенті астана әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
- Елордада Елбасыға әртүрлі елдің дипломаттары сыйлаған экспонаттар көрмесі өтті
- Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті
- Елбасы белгілі актер Әлімғазы Райымбековтің туыстарына көңіл айтты
-
Елбасы кітапханасына жаңа директор тағайындалды
-
Елбасы «Nur Otan» фракциясы депутаттарының алдына нақты міндеттер қойды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам