Қошанов Қарағандыдағы су қоймаларын аралап қайтты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының ТЖД мамандары өңірдегі көктемгі су тасқынына қатысты жағдай тұрақты екенін жеткізді. Облыс әкімі Ерлан Қошанов жағдайдың шын мәнінде бақылауда екеніне көз жеткізу үшін су қоймаларын аралап қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысындағы барлық жол асты су өткізу құбырлары мен көпірлер тазаланды. Негізгі су қоймаларында су ағызу жалғасты, барлық гидробекеттерде бақылауда. Азаматтық қорғау күштері дәлірек айтқанда, барлық аудандарға бөлінген 6,4 мың адам және 2,4 мың техника толығымен дайын тұр.

Бүгін өңір басшысы Ерлан Қошанов судың қалай ағызылып жатқанын өз көзімен көріп қайту үшін Самарқанд су қоймасында болып қайтты.

Облыс әкімінің орынбасары Ермағанбет Бөлекпаев өзеннің жоғарғы жағында ылғал қоры 38% ға дейін төмендегенін, су ағыны секундына 30 текше метрді құрайтынын мәлімдеді.

«Жалпы жағдай тұрақты. Ешқандай қауіп жоқ. Шерубай мен Нұра өзеніндегі су деңгейі норманың шегінде. Төменгі жағында қар әлі де бар. Бұл Нұра және Осакаров аудандары. Олардың жағдайын біз бақылауда ұстаймыз», - деді Ермағанбет Бөлекпаев

Облыс әкімі метеорологтардың болжамына қызығушылық танытты. Ол сондай-ақ мамандардың өлшеулерді неге тек өзен арналарында өткізетінін және бүйірлік ағындарға жеткілікті көңіл бөлмейтіндігін сұрады.

«Барлығын қарап шығыңыздар, етік киіңіздер де, сонда барыңыздар, барлығын өлшеңіздер! Өзен бойымен жоғары жүріңіздер! Әлі қанша қар қалғанын тексеріп шығыңыздар. Біз су қоймасына жақын орналасқан ауылдарды су басуына жол бермеуіміз керек. Ол үшін қарды өлшеп, қанша су келетінін білу қажет», - деп атап өтті Ерлан Қошанов.

«Қазсушар» Қарағанды филиалының директоры Дүйсембай Әбжанов гидробекеттер өзендердің негізгі арналарын ғана өлшейтіндігін растады. Ол сондай-ақ Самарқанд су қоймасында тұрақты жағдай ұсталып, барлығы қадағаланып отырғанын мәлімдеді. Бір тәулік ішінде су ағызудың арқасында ондағы деңгей өзгермеген. Бірақ жақын күндері су көп болады деп күтілуде.

«Су деңгейінің көтерілуінің ең жоғарғы көрсеткіші таяудағы екі-үш күнде болады деп күтіледі. Жағдай осы қалыпта болса, барлығы тегіс өтуі тиіс», - деді Дүйсенбай Әбжанов.

Қазір облыс бойынша қар жамылғысы 40 пайызға азайды. Осакаров және Нұра аудандарында 60% қар қалды. Қарқаралы және Бұқар жырау аудандарындағы төрт өзендерде сеңді бұзу үшін мұз жарылды. Осы аптада Осакаров және Нұра аудандарында жарылыс жұмыстары жүргізіледі.

Самарқанд су қоймасын тексергеннен кейін Ерлан Қошанов өзінің орынбасары Ермағанбет Бөлекпаевқа жергілікті жерлерде барынша егжей-тегжейлі өлшеу жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды. Нәтижелер туралы үш күн ішінде баяндау керектігі айтылды.

Соңғы жаңалықтар