Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.05 EUR 428.25
RUB 5.84 CNY 54.65
Jańalyqtar

Қош бол, Универсиада - 2017

2017 жылғы 8 ақпан 21:08 655
Бөлісіңіз:
Қош бол, Универсиада - 2017

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Бүгін Алматыдағы 12 мың орындық Универсиада үшін салынған «Алматы Арена» кешенінде 28-ші Бүкіләлемдік қысқы студенттер сайысының жабылу шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


null

Универсиаданың жабылу рәсімі жезтаңдай әнші Ардақ Балажанның ән шашуымен басталды. Келесі кезекте Жәмила Серкебаева скрипкада  Түркештің «Көңіл ашар» күйімен әрлей түсті. Ал «Ұлытау тобы» Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйін төгілтті.


null  

Шараның басты сәтінің бірі спортшылар шеруінде канадалық спортшылар ризашылықтарын білдіріп, «Алматыға рахмет» деген жазуы бар плакат алып шықты. Айта кетейік, Универсиадаға 57 елден 2000 мыңға жуық спортшы қатысты. Универсиада ойындарында 12 сайыс бойынша 85 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Жалпы командалық есепте Ресей командасы бірінші орын алды. Олардың еншісінде 28 алтын, 27 күміс және 15 қола медаль бар. Екінші орында Қазақстан құрамасы. Біздің спортшылар байрақты бәсекеде 11 алтын, 8 күміс және 17 қола жеңіп алды. Үздік үштікті Оңтүстік Корея түйіндеді. Бұл елдің спортшыларында 11 алтын, 5 күміс және  5 қола медаль бар.


null  

Осыған орай, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадада Қазақстан ұлттық құрамасының зор жетістікке жетуіне орай құттықтау жолдады. Мемлекет басшысы Алматыдағы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадада жоғары нәтиже көрсеткен ұлттық құраманың мүшелерін құттықтады.

Универсиаданың жабылу салтанаты 80 елде трансляцияланды. 

Салтанатты шараға ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев, Халықаралық студенттер спорты федерациясының Президенті Олег Матыцин, Алматы әкімі Бауыржан Байбек және келесі Универсиада ойындарын өткізетін Ресейдің Красноярск қаласының басшылығы қатысты.

Өз сөзінде Қазақстан Үкіметінің басшысы Алматы Универсиадасы әлем спортының тарихына өзіндік ізін қалдырғанын айтты.

«1000 жылдық тарихы бар Алматы екі апта бойы әлемнің спорт сүйер қауымының көз тартар орталығына айналды. Осы уақыт ішінде әлем Қазақстанды, Қазақстан әлемді жаңа қырынан таныды. Халықаралық қауымдастық халқымыздың тамыры терең мәдениеті мен қанына біткен қонақжайлылығын, үздіксіз даму мен әлемдік бәсекелестіктегі қайратын сезді. Алматы Универсиадасы әлем спортының тарихына өзіндік ізін қалдырды», - деді Қазақстан Үкіметінің басшысы Бақытжан Сағынтаев.


null  

Ал, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың жабылу салтанатында Халықаралық студенттер спорты федерациясының басшысы Олег Матыцин Универсиаданың тарихында бұрын-соңды залға лық толған халықты көрмегендігін айтты.

«FISU халықаралық студенттер спорты федерациясының атынан қысқы Универсиаданы жоғары деңгейде өткізгені үшін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа және ұйымдастыруға атсалысқан барша халыққа ризашылығымды білдіргім келеді. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекке және спортсүйер қауымға алғысым шексіз. Спортшылар мен еріктілерге қолдау танытқандарыңыз үшін рахмет деймін. Универсиаданың тарихында бұрын-соңды залға лық толған осыншама көрерменді көрмегенмін. Бұл, әрине сіздердің спортқа деген ынта-жігерлеріңіздің жоғары екендігінің айқын дәлелі. Сіздерді 2019 жылы Красноярскіде өтетін қысқы Универсиадада асыға күтемін. 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы ресми түрде жабық деп жариялаймын!», - деп түйіндеді өз сөзін Олег Матыцин. 

Универсиада ойындарының жабылу салтанатында  Алматы әкімі Бауыржан Байбек дүбірлі доданы өткізуге атсалысушыларға шынайы ризашылығын білдірді.

«28-ші қысқы Универсиада ойындарының сәтті өтуімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Бүгін барша спортшылар, командалар жеңіске жеткен айтулы күн. Универсиада тарихының тағы бір мазмұнды парағы жабылғалы тұр. Осы жобаның жүзеге асырылуына тікелей қамқор болған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, ел Үкіметіне алғысымыз шексіз. Жаңа FISU президенті Матыцин мырза өзінің жоғары бағасын берді.  Сол арқылы халқымыздың ауызбіршілігін, мемлекетіміздің әлеуетін, ұйымдастырушылардың еңбегін атап өтті. Ол үшін мыңда бір рахмет. Барлық шараларға көрермендердің белсенді қатысуы, мерекелік көңіл-күймен жанкүйер болуы, халықтың ыстық ықыласы біз үшін ең үлкен баға. Осы дүбірлі доданы өткізуге тікелей атсалысқан FISU халықаралық ұйымның өкілдеріне, барлық  ұйымдастырушылар, Қазақстанның студенттік федерациясына, еріктілер мен студент жастарға, жанкүйерлерге  алғысымызды білдіреміз», - деді Бауыржан Байбек.

Сонымен қатар, универсиаданың жабылауына сайыстардың сәтті өтуіне көмектескен еріктілерге алғыс айтылды. 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға 20 елден келген 3000 ерікті қатысты.

null  

Айта кетейік, еріктілер арасында 78 жастағы канадалық Энтони Майкл Хиллдің есемі мен 3-ші топ мүгедегі Серік Есмановтың есімі ерекше аталды.

Жабылу шарасының ең маңызды сәті әрине, ФИСУ жалауының келесі Универсиада өтетін қалаға тапсырылуы мен Алаудың сөндірілу рәсімі болды.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Халықаралық студенттік спорт федерациясының жалауын Красноярск қаласының мэрі Эдхам Акбултаовка табыс етті.

Жалауды қабылдап алған ресейліктер Алматыдағы универсиаданың жабылуында өз қалаларын таныстырды. Онда ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Алексей Ягудин өнер көрсетті.

«Алматы аренада» өткен шарада Красноярск қаласының


null тарихын, мәдениетін, өнері таныстырылды.

Универсиаданың жабылу салтанаты қазақ эстардасының жарық жұлдыздары Әли Оқапов пен Дастан Оразбековтың «Алау» атты әнімен аяқталды.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Универсиада-2017, Алматы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алмас Мұқашұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT