Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 369.98 EUR 428.70
RUB 5.64 CNY 53.48
Жаңалықтар

Қош бол, чемпион: Денис Тен қазақ спортының жарық жұлдызы еді

2018 жылғы 19 шілде 19:06 2943
Бөлісіңіз:
Қош бол, чемпион: Денис Тен қазақ спортының жарық жұлдызы еді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен бүгін Алматыда қапыда қаза болды.

Ұқсас жаңалықтар
Денис Тен атындағы қоғамдық қор құрылады Министр Денис Тенді өлтірді деген күдіктілердің қалай ұсталғанын айтты

Алматыда 1993 жылы 13 маусымда өмір есігін ашқан Денис Теннің текті әулеттен шыққандығы белгілі. Ол Кореяда аты мәлім генерал Мин Гын Хоның ұрпақтарының бірітұғын.

Денис Тен балалық шағында музыка, сондай-ақ басқа да спорт түрлерімен айналысқанымен, түптеп келгенде, мәнерлеп сырғанауды таңдады.

2003 жылы «Хрустальді коньки» турнирінде оны осы спорт түрінің белгілі шебері Елена Буянова (Водорезова) байқап, бірден Мәскеуге шақырды. Ал 2010 жылы шеберлігін одан әрі шыңдау үшін Лос-Анджелеске, өзінің жаңа бапкері Фрэнк Кэрролге бет алды. Мұнысы өте жөн еді.

Денис Тен Қазақстанның мәнерлеп сырғанау спортының тарихында жаңа беттер жазды. Лос-Анджелесте өткен 2009 жылғы әлем чемпионатында табысты өнер көрсеткен ол үздік ондықтың қатарына еніп, сегізінші орынға ие болды. Осылайша ол Ванкувер Олимпиадасына Қазақстанға қос бірдей жолдама алып берді. 2010 жылғы Олимпиадада ең жас қатысушы болғанына қарамастан, 11-інші орыннан көрінді.  Бұл алдағы жарқын жеңістердің басы еді.


Қош бол, чемпион: Денис Тен қазақ спортының жарық жұлдызы еді

2011 жылдың ақпанында Қазақстанда өткен VІІ қысқы Азия ойындарында жұлдызы жанған Денис Тен алтын жүлдені жеңіп алды. Екі жылдан кейін Канадада өткен әлем чемпионатында Д.Тен өзінің жеке рекорды - 266,48 балға қол жеткізді. Еркін бағдарламада үздік шыққан ол қорытындыда канадалық Патрик Чаннан небәрі 1,3 балға қалып қойып, күміс жүлдені еншіледі. Сөйтіп қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар арасында алғаш рет әлем чемпионатының жүлдегері атанды.

Денис Теннің спорттық жолындағы ең басты табысы, әрине, Сочи олимпиадасындағы қола медаль еді. Ерлер арасында алғашқы күні 84,06 балл алған Денис тоғызыншы орыннан көрінсе де, барша Қазақстан халқы  оған үміт артты. Келесі күні еркін бағдарламада бар күші мен шеберлігін салып, 171,04 балл алып, қорытындысында 255,10 балға қол жеткізген ол ел үмітін ақтап, үздік үштіктің қатарынан көрінді. Бұл сол додадағы Қазақстан қоржынындағы жалғыз жүлде болатын әрі тәуелсіз ел тарихында мәнерлеп сырғанаудан алынған бірінші медаль еді. Мұнда бапкері Фрэнк Кэрролдің де үлесі молтұғын.


Қош бол, чемпион: Денис Тен қазақ спортының жарық жұлдызы еді

«Құрмет» орденінің және мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері Денис Теннің бұдан басқа да табыстарға қол жеткізуіне алған жарақаттары мүмкіндік берген жоқ.

Небәрі 25 жасында ғұмыры кілт үзілген спортшының болашағы алда еді. Қаншама биіктен көрінсе де, өзінің кішіпейіл мінезінен, сүйкімді қалпынан танбай, халқының қошеметіне бөленген Денис Теннің жарқын бейнесі ел жадынан мәңгі өшпейтіні анық. 


Қош бол, чемпион: Денис Тен қазақ спортының жарық жұлдызы еді

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Денис Тен, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат