Қосалқы бөлшек ретінде әкелінген автокөлікті заңдастыру шарттарын айқындайтын қаулы әзірленді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Шетелден қосалқы бөлшек ретінде әкелінген автокөлікті заңдастыру шарттарын айқындайтын Үкімет қаулысының жобасы әзірленді. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген автокөліктерді заңдастыру шарттарын айқындайтын Үкімет қаулысының жобасын әзірледі», - деді Қайсар Сұлтанбаев ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Оның атап өтуінше, аталған жоба жария талқылаудан өтті.

«Біз оларды қорытындылап болғаннан кейін мемлекеттік органдарға түпкілікті келісуге жібереміз. Одан кейін Үкіметке енгіземіз. Заңдастыру жұмыстары жалғасуда», - деді комитет төрағасы.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін елімізге шетелден әкелінген 69 мыңнан астам көліктің заңдастырылғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар