Қос қазақстандық балуан жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Алтын Шағаева мен Анастасия Панасович Болгария астанасы Софияда 20 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Финалға дейін сүрінбей жеткен Алтын Шағаева 53 келіге дейінгі салмақта үндістандық Антимге 0:8 есебімен есе жіберді.

А.Шағаева жартылай финалда мысырлық Атеф Мохамедті ұтқан болатын.

Батысқазақстандық Анастасия Панасович 72 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда жапониялық Сумире Ниикуреден басым түсті. Әйтсе де финалда америкалық Амит Элорге жол берді.

Батыс Қазақстан облысының тағы бір өкілі Зейнеп Баянова қола жүлде үшін бәсекеде украиналық Олександра Хоменецке есе жіберді.

18 тамыз күні Мерей Базарбаев 57 келіге дейінгі салмақта күміс, Мәдина Аман (59 кг) қола жүлдеге ие болған еді.


Соңғы жаңалықтар