Қос қазақстандық балуан финалға шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатында екі қазақ балуаны финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның бірі 60 келіде Өзбекстаннан келген Шохрух Нуридениевты ұтқан балуанымыз Қуаныш Ысқақов болса, екіншісі кубалық балуаннан айласын асырған 66 келі  салмақта ел намысын қорғаған Қасымхан Төленбай. Енді аты аталған қос балуанымыз санаулы минуттардан кейін алтын үшін белдесуге шығады.

Айта кетейік, осы біріншілікте жарыс жеңімпаздары - 2 мың, екінші орын иегерлері - 1 мың, ал үшінші орын алғандар 500 АҚШ долларына ие болады. 

Соңғы жаңалықтар