Қос бірдей қазақстандық балуан грек-рим күресінен әлемдік рейтингте көш бастады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Біріккен күрес әлемі (UWW) ересектер арасында грек-рим күресінен жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәліметке сай, 67 және 87 келіге дейінгі салмақта сәйкесінше Алмат Кебіспаев пен Хусейн Муцолгов (52 және 37 ұпаймен) көш бастап тұр. Сондай-ақ, 55 және 72 келіге дейінгі салмақта Хорлан Жақанша және Демеу Жадыраев атты жерлестеріміз екінші тұр.

Күрестің басқа түрлерінде өнер көрсетіп жүрген қазақстандықтар да жаңартылған рейтингке ілінген. Мәселен, еркін күрес шебері Нұрислам Санаев (3 орын, 24 балл, 61 кг дейінгі салмақ), Даулет Ниязбеков (4 орын, 26 балл, 65 кг дейінгі салмақ), сондай-ақ Эльмира Сыздықовалар (4 орын, 28 балл, 76 кг дейінгі салмақ) үздіктер қатарынан көрінген.

Соңғы жаңалықтар