Қос азаматтықпен Қазақстанда тұрып келген ер адам елден қуылды

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Мигрант» жедел алдын алу шарасы аясында екі адам ел аумағынан шығарылды. Оның біреуі қос азаматтықпен жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Тайынша ауданында қос азаматтығы бар Ресейдің тұрғыны анықталған.

Сот шешімімен Қазақстанның заңын бұзған ер адам ел аумағынан шығарылды.

Заң бұзушылық өңірде жүріп жатқан «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында анықталған.

Жалпы көші-қон қызметінің қызметкерлері 3 күн ішінде СҚО-да басқа мемлекеттердің азаматтары тарапынан заң бұзудың 45 дерегін анықтады.

Екі жағдай Қазақстанның визалық режимі белгіленген Германия және Түрікменстан мемлекеттерінің тұрғындарына қатысты.

Олар елде болуға рұқсат етілген мерзімді асырып жіберген.

Сонымен қатар 38 солтүстікқазақстандық 3 күн ішінде көші-қон қызметіне шетелдіктерді қабылдағаны туралы хабарламағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

«Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасының мақсаты көші-қон заңнамасының бұзылуына жол бермеу. Полицейлер базарларға, құрылыс нысандарына, фермаларға және басқа елдердің азаматтары болуы және жұмысқа орналасуы мүмкін орындарды тексеру жүргізіп жатыр. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартудың 5 фактісі анықталды. Сондай-ақ іс-шараны өткізу кезеңінде ҚР-дан сот шешімі бойынша екі шетелдік шығарылды», - дейді СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.

Фото: polisia.kz


Соңғы жаңалықтар