Қорықшыларға қауіп төндіргендер 20 жылға дейін сотталуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Киік мүйізімен айналысқандар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылау барысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өкінішке қарай, киікті заңсыз аулау әлі де жалғасын табуда. Сондықтан заңсыз киік мүйізімен айналысқаны үшін жеке құрам қарастырылып отырмыз. Жазасы қатал, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Айыппұл болмайды. Себебін түсіндіріп кетейік. Бұл түзетудің мәнісі жоғары рухани тәрбиелік астары бар десем де болады. Кей жерде ақ бөкен дейміз, киік, халқымыздың киелі санайтын жануары. Кең далада баяғы заманнан еркін өскен, оның тіршілігі аясы да біздің дала. Осында қыс қыстап, жаз жайлайды, көктемде құралай өреді. Қазір нақты тосқауыл қоятын кез келді. Әйтпесе, киіктен мүлдем айырылып қалу қауіпі бар», - деді М. Ахметжанов.
Оның сөзіне қарағанда, табиғатымызды, аң құстарымызды қорғайтын инспекторды және қорықшының өміріне қауіп төндіріп, күш қолданғаны үшін жауапкершілік енгізу қарастырылған. Осындай қылмыстар үшін жиырма жылға дейін бас бостандығынан айыру болады.
Айта кетейік, бүгін жалпы отырыста палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланып жатыр. Осы орайда ұрлыққа қатысты әрекеттер ауыр қылмыстар санатына көшетіні мәлім болды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жануарлар әлеміне қарсы қылмыстарға жаза күшейтіледі.
- Ақтөбеде волонтер мемқызметшілердің пулы құрылады
- Сенатта қаржы қызметтеріне қол жеткізуді арттыруға бағытталған заң жобасы қаралды
- Шымкентте Әл-Фараби мен Абайға ескерткіштер орнатылады
- Дәулет Кәрібек: Жастар жылы – әлеуметтік мәселелерді шешіп беру ғана емес
-
Премьер-Министр өңірлердегі инфляция мәселесіне назар аударуды тапсырды
-
Олеся Кексельге қатысты іс тоқтатылды– Ерлан Тұрғымбаев
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам