+7 (701) 759 90 19
USD 387.16 EUR 428.47
RUB 6.08 CNY 55.13
Jańalyqtar

Қорықшылардың көлігі арнайы санатқа енгізіледі

2019 жылғы 9 қыркүйек 16:54
Бөлісіңіз:
Қорықшылардың көлігі арнайы санатқа енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев браконьерлікпен күресті күшейту шаралары қалай жүргізіліп жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Браконьерлерге қатысты жаза күшейтіледі - Бас прокуратура Түркістан облысының прокуроры браконьерлермен күресті күшейтуді тапсырды БҚО-да браконьерлер қорықшыға оқ атып, өлтірмек болды

«Министрлік жауапты мемлекеттік органдармен бірге қазіргі уақытта қорықшылар мен олардың отбасы мүшелерінің, оның ішінде қаза болған немесе қызметтік міндетін орындау кезінде жарақат алған жағдайда берілетін әлеуметтік кепілдіктерді қарастырып жатыр. Біздің бастамамыз бойынша, Ішкі істер министрлігінің қолдауымен жол ережелеріне өзгерістер енгізілуде. Нақтырақ айтқанда, «Охотзопром» мен оның өңірлердегі өкілдіктерінің қызметтік көліктерін «арнайы көлік» санатына жатқызылды. Яғни, инспекторлардың көліктеріне дыбыс үдеткіш құрылғы мен арнайы сигнал орнатылып, цветографиялық схемалар, басқаша айтқанда автокөлікте жолақтар пайда болады», - деді Мағзұм Мырзағалиев ведомствода өткен алқа отырыста.

Министр сонымен бірге Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ІІМ-мен бірлесіп, «Охотзопромның» инспекторлық құрамы үшін практикалық және теориялық жаттығулар бағдарламасы бойынша оқу-жаттығуды қолға алғанын хабарлады.

«Тамыз айында тиісті оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыс жалғасын табады», - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Еске сала кетсек, Мағзұм Мырзағалиев бұған дейін Қазақстанда браконьерлікпен күресті күшейту жөніндегі заңнамалық нормалар Парламентке осы айда енгізілетінін хабарлаған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT