Қорықшы ауыл азаматын абайсызда атып өлтірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусьтың Мстислав ауданында қорықшы абайсызда ер адамды атып өлтірді, деп хабарлайды БЕЛТА.

Беларусь Мемлекеттік жануарлар және өсімдіктер әлемін қорғау инспекциясы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Беларусь аңшылар және балықшылар қоғамының қорықшысы 23 мамыр күні Бастеновичи елді мекенінің маңында қабан мен елік аулап жүрген. Онымен бірге тағы екі қорықшы және Белый Мох елді мекенінің тұрғыны да болған.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, 41 жастағы ауыл азаматы жайқалып өсіп тұрған таңқурай танабында жүрген. Қорықшы өсімдіктердің арасында жүрген адамды елік деп ойлап, атып жіберген. Басына оқ тиген ер адам оқиға орнында қаза тапты.

Факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар