+7 (701) 759 90 19
USD 409.98 EUR 462.21
RUB 5.75 CNY 58.43
Jańalyqtar

Қорықшы Әділ Кенжеғұлов «Айбын» орденімен марапатталды

2019 жылғы 29 қазан 17:24
Бөлісіңіз:
Қорықшы Әділ Кенжеғұлов «Айбын» орденімен марапатталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Әділ Кенжеғұлов ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

«Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Қызылорда өңірлік филиалының инспекторы Әділ Шарапатдинұлы Кенжеғұлов ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталсын (марқұм)», -делінген Жарлық мәтінінде.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұл оқиға Қызылорда облысының Жалағаш ауданында 25 қазан күні түнде болған еді. Қашқан браконьердің соңына түскен инспектордың көлігі аударылып кеткен. Браконерьлер оқиға орнында ұсталды. Олардың көлігінен қару мен заңсыз атылған жабайы аңның ұшасы табылды

Айта кетейік, Әділ Кенжеғұлов - жыл басынан бері табиғатты қорғауда мерт болған үшінші қорықшы.

Фото: emer.gov.kz

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT