Көру қабілеті, семіздік және жүйке жүйесі: қазақстандық оқушыларды не мазалайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник отандық оқушылардың денсаулығына қатысты басты патологияларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мектеп оқушылары еліміздегі барлық балалардың жартысына жуығын құрайды. Сондықтан мектеп медицинасы біз үшін маңызды. Әр мектеп орналасқан аумағында қызмет көрсететін емханаға бекітілген. Бүгінгі таңда мектептерде 6 500 медициналық пункт жұмыс істеп тұр. Оларда 7 мыңға жуық мектеп медбикесі еңбек етіп жатыр», - деді Вячеслав Дудник орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.

Сондай-ақ, вице-министр мектеп оқушыларының денсаулығына қатысты патологияларды атады.

«Оқушылар арасындағы бірінші мәселе көру қабілетінің бұзылуы, екінші кезекте орталық жүйке жүйесінің патологиясы, ал үшінші орында денесін тік ұстау мәселесі. Семіздікте оқушылар арасында маңызды мәселе болып отыр. Денсаулық сақтау министрлігі тәтті әрі газдалған сусындарға акцизді арттырудың бастамашысы. Аталған сусындарда қант концентрациясы өте жоғары. Бұл балалардың денсаулығына қауіпті, ол қант диабеті мен семіздікке шалдығуға алып келеді», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар