Көру қабілеті нашар сайлаушыларға жағдай жасалады – ОСК

None
Фото: iStok
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлауы күні мүгедектігі бар жандарға тиісті жағдай жасалады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Саяси партия өкілдерінің қатысуымен мүгедектігі бар жандардың құқығын қамтамасыз ету бойынша бірлескен шаралар қабылданды. Біз саяси партияларға мүгедектігі бар кандидаттарды мәслихаттарға тарту мүмкіндігін қарастыру туралы тапсырма бердік. Мәжілісте мүгедектігі бар кандидаттарды сайлауға түсуінің талабы мен нормасы бар. Мәслихаттарда мұндай талап жоқ. Осы орайда біз саяси партияларға кеңес бердік. Комиссия мүшелері аталған бастаманы бірауыздан қолдап дауыс берді», - деді Анастасия Щегорцова ОСК отырысында.

Сондай-ақ ОСК өкілінің айтуынша, үгіт-насихат шарасы кезінде мүгедектігі бар азаматтардың құқығын қамтамасыз ету жағы ұсынылды.

«Барлық партия ұсынымдарды ескеріп, мәслихат тізімдеріне мүгедектігі бар адамдарды енгізді. Сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар жандарға жағдай жасау бойынша өңірлерді тыңдадық, жергілікті атқарушы органдардың мүгедектігі бар жандарға жағдай жасау сервистері бойынша кең ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізуіне назар аудардық», - дейді ол.

Оның мәліметінше, үшінші ұсыныс көру қабілеті нашар сайлаушыларға арналған трафареттер жасауға қатысты болды.

«Барлық өңірдегі сайлау учаскелерінде Брайль шрифті бар трафареттер, сондай-ақ кандидаттар тізбесі бар бюллетеньдердің аудио нұсқалары қолжетімді болады. Мәжіліске бір мандатты округтер бойынша түсетін кандидаттар тізбесі ұзақ. Бірақ, біз жасаған бюллетеньді сарапшылар оқуға қиын деп шешті. Осы орайда зағиптар қоғамына жүгіндік, олар бізге мәселені оң шешуде көмектесті. Абай, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Павлодар, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарында Брайль шрифтімен трафареттер жасау туралы шешім қабылданды. Ал аудио нұсқасы бар трафарет барлық өңірде болады», - деді А. Щегорцова.


Соңғы жаңалықтар