Көршісінің үйін балаларымен бірге өртемекші болған көкшетаулық ұсталды
2022 жылғы 27 мамыр 03:13

Көршісінің үйін балаларымен бірге өртемекші болған көкшетаулық ұсталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда араққа сылқия тойып алған жергілікті тұрғын көршісінің үйін өртемекші болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 мамырда Көкшетау қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын хабарласып, көмек сұраған. Әйелдің сөзінше, көршісі оның үйіне безнин шашып, өртеп жіберетін айтып қорқытқан.

«Айтылған мекен-жайға дереу учаскелік полиция инспекторы, капитан Борис Толгуров пен лейтенант Ерқанат Орынбай жетті. Олар барған кезде, үйдің ішінде масаң күйде екі ер адам және бір бала болды. Тағы төрт бала үйдің ауласында жүрді. Ер адамдар үйдің бөлмелерінің еденіне бензин шашып, от қоюға әрекеттенген. Полиция оқыс жағдайды алдын алды», - деді ведомстводан.

Департаменттің баспасөз қызметінен атап өткендей, қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталуда. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданбақшы.

Көкшетауда оқу орнына «бомба қойған» сол мектептің оқушысы болып шықты.



Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

MURAǴAT