Көршісінің итін жеген өскемендік жазаға тартылды
2018 жылғы 14 ақпан 15:37

Көршісінің итін жеген өскемендік жазаға тартылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемендік жігіт көршісінің «овчарка» тұқымды итін ұрлап, кейін сойып жеген. Бұл істің нүктесін №2 қалалық соты қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үйінен отын іздеп шыққан тұрғын жолай «овчарка» тұқымдас итті көріп, үйіне ұрлап әкелген. Кейін оны сойып жеп, терісін аулаға тастаған. Иесі итті үй күзетіне қажет болған соң, базардан 30 мың теңгеге сатып алған екен. Жоғалған итінің терісін көршісінің ауласынан тауып, сұрақтың астына алады. Ит жеген жігіт қылмысын мойындап отыр.

Сот барысында айыпталушы жасаған әрекеті үшін қатты өкінетінін жеткізді. Осы жайтты ескерген сот оған екі жыл сынақ мерзімін тағайындады. Сотталушы жылына 240 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылатын болады.

Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT