Көршілес елден келген мигранттар белгіленген заңнама аясында ғана еңбек ете алады – Әлихан Смайылов

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Көршілес елден келген мигранттар белгіленген заңнама аясында ғана еңбек ете алады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше Үкіметтің көші-қон мәселелеріне қатысты өткізген жиналысындағы мәліметтерге байланысты қоғамда дұрыс түсінбей жатқандар бар. Осыған орай айтайын дегенім - шетел азаматтарына заң аясында қызмет көрсетіледі. Біз халықаралық міндеттерімізді орындай отырып, өз еліміз бен халқымыздың мүддесінен жоғары құндылық жоқ екенін ұмытпауымыз қажет. Ең маңызды мәселенің бірі – құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік. Сонымен бірге арендалық тұрғын үй бағаларының өсуінен өз азаматтарымыз қиын жағдайға тап болып отыр», - деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы жауапты органдар тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтандыру бойынша тиісті шараларды қабылдау қажеттігін баса айтты.

«Оны біз кеше айттық. Еңбекпен қамту бойынша ең алдымен қазақстандықтардың жай-күйі, жұмыс жағдайы біз үшін приоритет. Барлық кәсіпорындар мен мекемелер осыны естен шығармауы керек. Ал көршілес елден келген мигранттар белгіленген заңнама шеңберінде ғана еңбек ете алады. Жағдай күнделікті бақылауда», - деді Премьер-Министр.


Фото: primeminister.kz




Соңғы жаңалықтар