Көршілеріміз бөлек интеграциялық ұйым құруға дайын - министр Ыдырысов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың айтуынша, көрші мемлекеттер Орталық Азияның жеке интеграциялық ұйымын құруға қарсы емес. Аталған бастаманы Өзбекстандағы президенттік сайлаудан кейін талқылауға болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Енді, ол жайында айту әлі ерте. Өзбекстанда сайлау болады. Сайлаудан кейін сөйлесейік», - деді Е.Ыдырысов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында. «Ал аймақтағы басқа мемлекеттер бұл бастамаға қалай қарайды?» деген сұраққа министр: «Жалпы, атмосфера дұрыс. Бәрі дайын. Бірақ тағы кішкене уақыт керек», - деп жауап берді.

Айта кетейік, Астанада өткен xалықаралық конференцияда депутат Мәулен Әшібаев Орталық Азияның жеке интеграциялық ұйымын құруды ұсынды. 

«Меніңше, алдағы уақытта Орталық Азияның жаңа бір интеграциялық жобасын ұсынған дұрыс. Бәріміз жақсы білеміз, Орталық Азияда интеграциялық бірлестікті құруға деген ұмтылыс болған. Орталық Азия одағы болды-ау деймін. Сосын банк құрайық деді, су, энергетика, азық-түлік пен көлік консорциумын құру бастамалары да көтерілген. Дегенмен, оның бәрі іске аспай қалды. Меніңше, бүгінде осы мәселені қайта көтеретін кез келді. Әрине, бұрынғы мәселелерді қайталамай, Орталық Азияда жаңа интеграциялық ұйымды құруымыз қажет», - деді М.Әшімбаев. Оның ойынша, осы бастаманы көтергеннен кейін оған Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Түркіменстанның қосылғаны ләзім. 

Соңғы жаңалықтар