Көрші елдер Қазақстанның медицина басшыларына қоятын талаптарын көшіріп алып жатыр – вице-министр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Көрші елдер Қазақстанның медицина басшыларына қоятын талаптарын көшіріп алып жатыр. ҚР Денсаулық сақта министрінің бірінші орынбасары Тимур Сұлтанғазиев денсаулық сақтау басшыларының екінші республикалық форумында осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан - 14 жыл бұрын медициналық ұйымдардың басшыларына қойылатын біліктілік талаптарына денсаулық сақтау менеджменті мен қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы магистратураны оқу немесе екінші жоғары білімнің болуы керек дейтін талап енгізген ТМД-дағы алғашқы елдердің бірі. Осы және басқа шаралардың арқасында біз соңғы онжылдықта денсаулық сақтау саласындағы басшылардың құзыреттілігінің сапалық тұрғыда жақсарғанын байқап отырмыз. Қазақстанның сала басшыларына қойылатын біліктілік талаптарындағы тәжірибесін көрші елдер қабылдап жатыр», - деді вице-министр.

Сондай-ақ, ол саладағы корпоративтік құжаттарды ашық жариялау транспаренттілікті арттырғанын атады.

«Бес жыл бойы мемлекеттік деңгейде корпоративтік басқару құжаттарын ашық жариялау арқылы ұйымдардың транспаренттілігін арттырдық. Соның арқасында бақылау кеңестерін құра отырып, корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелерін енгіздік. Салаға сындарлы сындар айтылып жатқанына қарамастан, біз корпоративтік басқару элементтерін мемлекеттік секторға орнықты енгізе алдық және басшыларға корпоративтік басқару принциптерін үйреттік.

Кез-келген реформаның сәтті іске асуын, медициналық көмектің сапа деңгейін медициналық ұйым деңгейіндегі басшы мен көшбасшы анықтайды», - деді Тимур Сұлтанғазиев.


Соңғы жаңалықтар