Қоршаған ортаның ахуалы туралы ақпаратты алматылықтар әкімдік сайтынан табатын болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі Үкіметтік емес ұйымдармен жұмысты нығайта түспек. Бұл туралы қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы өткізген ашық сұхбат барысында айтылды.

Шараға үкіметтік емес ұйымдар, С.Асфендиаров атындағы қазақ медициналық университетінің, «Қазгидромет» РМК өкілдері қатысты.

Айта кету керек, көріктендіру бойынша кез келген сұраққа жауапты қала әкімдігінің инстаграмдағы арнайы аккаунты арқылы алуға болады. Сондай-ақ, жыл басынан бері басқарманың Фейсбукте арнайы парақшасы ашылды.

Жақында «Сommon Sense» қоғамдық қоры С.Асфендиаров атындағы қазақ медициналық университетімен біріге отырып, АUA (Almaty Urban Air) қанатқақты жобасын іске қосқан болатын.

Арнайы мобильді қосымшада ВАМ1020 шаң өлшеу құралынан түскен ақпарат көрініс беріп отырады.

«Бүгінде біз қаламыздың экологиялық ахуалын жақсарта алатын ортақ жобаларымыз туралы баяндадық. Алғашқы қосымша «Solve it» қала тұрғындарына экологиялық құқықбұзушылықты көрген жағдайда бірден суретке түсіріп, бізге жіберуге мүмкіндік береді. Екіншісі - АUA (Almaty Urban Air) халық арасында үлкен қызығушылық туғызды. Бұл өте қуанышты жайт. Бір ғана құрал аздық етеді. Сондықтан бізге «Қазгидромет» қосылды», - деді «PosadiDerevo.kz» ұйымының басшысы Дәурен Жолдасбаев.

Алматы бойынша «Қазгидромет» РМК 16 постта экологиялық ахуалға мониторинг жүргізеді. Қаланың ластануы туралы ақпаратты www.atmosphere.kz геопорталынан табуға болады.

Алматы 2016-2020 даму бағдарламасы бойынша қоршаған орта туралы ақпарат халыққа қолжетімді болу үшін әкімдік сайтына орналастырылатын болады.

Соңғы жаңалықтар