Корпоративтік мәдениет – компанияның даму көкжиегі

None
None
«Самұрық-Қазына» АҚ сарапшылары Алматының бизнес-қоғамдастық басшыларына корпоративтік мәдениетті құру мен дамыту және оның компаниялардың тиімділігін арттырудағы үдерістерге ықпалы жөнінде дәріс өткізді.

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобының өкілдері сөзұстар тұлғалар ретінде «Нархоз университеті» КеАҚ-ның басшыларға, экономиканың түрлі секторларындағы бизнес өкілдеріне арналған K-PRO білім беру жобасына қатысты. Бұл бағдарлама жоғары білім беру, кәсіптік оқыту және басқару курстары жүйесіне қосымша оқыту ретінде құрылған. Бағдарлама жас көшбасшылардың білімі мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

Тыңдаушылар арасында қазақстандық ірі компаниялардың, мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының, медициналық холдингтердің және басқа да ұйымдардың 100-ге жуық жас көшбасшылары бой көрсетті.

Тыңдаушыларға «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік басқару департаментінің директоры Самал Рашид пен «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетінің консалтинг жөніндегі басқарушы директоры Юлия Шива «Самұрық-Қазына» тобының корпоративтік мәдениеті туралы айтып берді.

«Самұрық-Қазына» қорын реформалаудың кең ауқымды қарқыны, ашықтық пен айқындық қағидаттарын сақтау аясында біз осындай әлеуметтік білім беру жобаларына қосар үлестің маңыздылығын түсінеміз. Бұл дегеніңіз, аталған қадамдар нәтижесі біздің елімізді бәсекеге қабілетті етеді. Бұл тәсіл ESG Стратегиямыздың негізінде де жатыр. Бүгін біз негізгі әлемдік трендтерді қадағалаудың ауадай қажеттілігі туралы әңгімелестік. Жаңа тәсілдерді, тиімділікті арттырудың қолданбалы құралдарын енгізген ләзім», - деп бөлісті Самал Рашид.

Сарапшылар еліміздің жетекші ұлттық компанияларындағы бизнес-үдерістердің тиімділігіне корпоративтік мәдениеттің әсері туралы әңгімелеп, сондай-ақ оған HR саласындағы негізгі әлемдік трендтердің қалай қабысатыны туралы ақпаратпен бөлісті. Спикерлер Директорлар кеңесінің тиімділігін арттыру, кәсіпқойлардың санасындағы тұжырымды ауыстыру, сарапшылардан жоғары тиімді командаларды құруды үйрену, таланттарды табу және дамыту туралы нақты кейстерді жеткізді.

«Көптеген компаниялар сәтсіздікке ұшырап жатады. Өйткені олар мәдениетті тікелей өзгертуге тырысады - сөйлеу, оқу бағдарламалары және тағы басқа талпыныстар арқылы. Мәдениет - бұл адамдар өз жұмыстарын қалай еңсеретінінде байқалады. Адамдар жаңа нәрсе жасай бастағанда немесе жаңа жобаларды қолға алғанда мәдениетпен бірге өзгереді. Себеп-салдарлық байланыс кері бағытта жұмыс істемейді. Біз корпоративтік мәдениетті қайта құрудың келесі тәсілін таңдадық: барлық процестерді стратегиялық мақсаттарға бағыттай отырып, жұмысты ұйымдастыруды және компанияны басқаруды өзгерту. Компанияның жаңа мәдениеті осы өзгерістердің әсері ретінде пайда болуы тиіс», - деді Юлия Шива қатысушыларға.

Сарапшылар өз сөздерінің маңызды тұстарын табысты әлемдік компаниялардың - Twitter, Ford, Becton Dickinson медициналық технологияларды өндіруші компаниясын мысалға ала отырып түсіндірді. Олардың үздік тәжірибелері Қордың компаниялар тобында қабылданып, сіңісіп кетті деуге болады.

Сондай-ақ, дәріске құлақ асушылар корпоративтік мәдениетті зерттеу әдістемелерімен, қызметкерлердің белсенділігін зерттеу құралдарымен танысты. Фокус-топтар мен сұхбаттардың осы астарда қалай қолданылатынын, компанияның келбетін қалай анықтау керектігін байыптады.

«Мұндай кездесулердің маңыздылығын лайықты бағалау қиын. Біз бүгін менеджерлерге өз компанияларында корпоративтік мәдениет деңгейін, қызметкерлердің белсенділігі мен хабардарлығын арттыруға көмектесетін көптеген нақты жағдайларды зерттедік. Өйткені ынта деңгейі төмен қызметкерлер 21%-ға аз өнім өндіріп, 41%-ға жиі жұмыста қателіктер жібереді және 48%-ға көп жұмыста жазатайым оқиғалардың құрбанына айналады. Бұл туралы өзіміз бүгін біліп, бас шайқадық», - деп өз әсерімен бөлісті ҚР Әйелдер күштері альянсы төрағасының орынбасары, ҚР Іскер әйелдер қауымдастығының басқарма мүшесі Баян Тойкебаева.

Іс-шара барынша пайдалы болуы үшін сөз тізгінін ұстаушылар тәжірибелік тапсырма ұйымдастырды. Жас басшылар алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолданып, кейін өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды. Тыңдаушылар сарапшылардан түйткілдерді тарқатуға қатысты өз нұсқаларына кері байланыс алудан тыс, жүргізілген сауалнама жауаптарын талқылады.


Соңғы жаңалықтар