Корпоративтік басқару қосымша бюрократиялық процедураға айналып барады - Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тұтас квазимемлекеттік сектордың реформасын жалғастыру керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Квазимемлекеттік компаниялардың корпоративті басқаруын жақсарту сынды маңызды мәселені де шешу қажет. Елімізде ондаған ұлттық компаниялар мен он мыңдаған мемлекеттік кәсіпорындар бар. Алайда ірі квазимемлекеттік ұйымдар табыспен қамтамасыз етуді көздейтін акционерлік қоғам болып саналады. Егер оларға мемлекеттік функциялардың бөлігі берілсе, олардың қызметі азаматтар мен экономика үшін таза сервистік, көмекші сипатта болуы керек», - деп атап өтті Президент.

Мемлекет басшысы көптеген акционерлік қоғамда түсініктер араласып кеткенін сынға алды.

«Корпоративтік басқару қосымша бюрократиялық процедураға айналып барады. Тұтас квазимемлекеттік сектордың реформасын жалғастыру керек. Кей шешімдер бүгін жарияланады. Қалғандары бойынша Үкімет ұсыным береді», - деді Қ. Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар