Көрпе тысымен 9-қабаттан жерге түспек болған астаналық ер адам қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында ер адам тұрғын үйдің 9-қабатынан түспек болып, қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«26 қаңтар күні полицияға Құдайбердіұлы көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйден ер адамның құлағаны туралы хабар келді. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері 59 жастағы ер адамның денесін тапты. Анықталғандай, ер адам 9 қабаттан жерге түспек болып, құлап кеткен», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, полиция департаментінен оқыс оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны айтылды.

Және тергеу амалдары жүріп жатыр.



Соңғы жаңалықтар