Коронавиурс: Қазақстан шекарасында 260 мың адам тексеруден өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде емдеуге жатқызылған науқастардан коронавирустық инфекция табылған жоқ. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Республикамызда коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу мақсатында мемлекеттік шекара арқылы өтетін барлық пункттерде осы жылдың 6 қаңтарынан бастап барлығы 260 мың адам, оның ішінде Қытайдан – 30 850 адам қаралды. Бүгінгі жағдай бойынша дене қызуы жоғары және жедел респираторлық-вирустық инфекцияның симптомдары бар 140 адам емдеуге жатқызылды, оның 113-і емделіп шықты, 27-сі стационарда ем алуда», - деді министр.

Оның айтуынша, емдеуге жатқызылған науқастардың ешқайсысында коронавирустық инфекция расталмаған.

«Медициналық ұйымдар Қытайдан келген 23 059 адамды тұрғылықты жері бойынша 14 күндік бақылауға алды.

14 күнгі инкубациялық мезгілдің аяқталуына байланысты Қытайдан келген 15478 адам мониторингтен босатылса, 8690-і әлі де бақылауда. Олардың арасында да коронавиурс диагнозымен тіркелгендер жоқ», - деді Е. Біртанов.


Соңғы жаңалықтар