Коронавирустың жаңа жағдайлары бойынша мәліметтер

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде бір тәулікте коронавирус індеті 152 адамнан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәлім етілгендей, 24 қазанда ПТР-тестінің оң нәтижесі 152 адамда шыққан.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 110 402-ні құрады.

Өңірлер бойынша:

Алматы қаласында - 14647(+20),

Нұр-Сұлтан қаласында -14410(+15),

Атырау облысында - 11254(+5),

Қарағанды облысында - 10490(+10),

Шығыс Қазақстан облысында - 9142 (+27),

Батыс Қазақстан облысында - 6961(+8),

Шымкент қаласында -5225(+3),

Алматы облысында - 5081(+12),

Солтүстік Қазақстан облысында - 4355(+9),

Жамбыл облысында - 4169(+4),

Павлодар облысында - 4144(+13),

Ақмола облысында - 3620(+12),

Қостанай облысында - 3581(+6),

Түркістан облысында - 3406(+1),

Маңғыстау облысында - 3384(+6),

Ақтөбе облысында -3281(+1),

Қызылорда облысында -3252(+0).

Бір тәулікте елімізде 52 адам коронавирустан жазылып шықты. Коронавирус белгілері бар пневмонияның жаңадан 163 жағдайы тіркелді.

Бүгінде дейін індетті жұқтырғандардың жалпы саны - 110 402 адам, жазылды - 105 618, қайтыс болды - 1796 науқас.



Соңғы жаңалықтар