Коронавирустың жаңа түрі ерлердің белсіздікке ұшырау ықтималдылығын 20% арттырады
2022 жылғы 12 мамыр 19:32

Коронавирустың жаңа түрі ерлердің белсіздікке ұшырау ықтималдылығын 20% арттырады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Майами университетінің урология институтының ғалымдары жаңа типтегі коронавирус инфекциясын жұқтырғаннан кейін ерлер функциясының бұзылу ықтималдығы 20% - ға артатынын анықтады.

Бұл туралы ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

«Сонымен қатар басқа ғылыми басылымдардың авторлары мұндай асқынулардың одан да жоғары деңгейде болуы мүмкін екенін атап өтті. Ерлердің жыныс мүшелерін сканерлеу кезінде және белгілі бір сынақтарды жүргізу кезінде алынған мәліметтер COVID-19 вирусы ерлердің жыныс жолдарындағы тіндерге әсер ететінін көрсетеді»,-делінген хабарламада.


Jańalyqtar

MURAǴAT