Коронавирустың жаңа толқыны болған жағдайда медициналық кадрлар тапшылығы болмайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирустың жаңа толқыны орын алған жағдайда медициналық кадрлар тапшылығы болмайды. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Коронавирус инфекциясымен күрес бойынша медицина мамандары қажеттілігін қамтамасыз ету 28 мыңды құрайды. Профессор-оқытушылар құрамынан (1 мыңнан астам), резиденттерден (2 мың), еріктілерден (1 500) кадрлық резерв жасақталды. Бұған қоса, биыл мемлекеттік тапсырыс аясында білім алған 2 328 түлек (оның ішінде 88 анестезиолог, 26 инфекционист, 7 пульмонолог және 208 эпидемиолог) бөлінді. 60 мыңнан астам медицина қызметкеріне коронавируспен байланысты өзекті мәселелер бойынша қысқа мерзімді курстар өткізілді», - деді Премьер-Министр.
Оның атап өтуінше, медицина кадрларын қайта даярлау курстарында 150 эпидемиолог, 100 инфекционист және 165 шұғыл көмек дәрігері оқып жатыр.
«Консультативтік және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында коронавируспен күрес аясында жұмылдырылған кадрлар бойынша бірыңғай мәлімет базасы құрылды. Бұл шаралар коронавирус індетінің жаңа толқыны орын алған жағдайда медициналық кадрларға қажеттілікті толық жабуға мүмкіндік береді», - деді Асқар Мамин.
- Мейрамбек Бесбаев коронавируспен жансақтау бөліміне түсті
- Тағы 431 қазақстандық шетелден коронавирусқа ПТР-анықтамасыз ұшып келді
- Коронавирус: Денсаулық вице-министрі елдегі ахуал бойынша кеңес өткізді
- Коронавирусқа шалдыққан 300-ге жуық науқастың жағдайы ауыр – министрлік
-
Еуропалық одақ COVID-19-дан «вакцинация төлқұжатын» енгізбек
-
Бір тәулікте коронавирус пневмониясының 94 жағдайы тіркелді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам