Коронавирустың жаңа штамы «Eta» туралы не білеміз

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның төрт өңірінде анықталған коронавирустың жаңа штамы «Eta» әлемнің 77 елінде тараған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Eta» штаммның пайда болуы 2020 жылдың желтоқсанында белгілі болды, аурудың алғашқы жағдайлары Нигерия мен Ұлыбританияда анықталды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі деректері бойынша «Eta» штаммы әлемнің 77 елінде тараған, ДДҰ санаты бойынша «бақылауды» талап ететін штаммдарға жатады.

Клиникалық белгілері Alpha (Британдық) және Beta (Оңтүстік Африка) штамдары (жоғары қызба, жөтел, иіс пен дәм жоғалту, ауыр ауру және т.б.) сияқты.

Денсаулық сақтау министрлігінің инфекциядан және ауруханаға жатқызудан қорғаудың жалғыз тиімді әдісі - COVID-19 вакцинациясының аяқталған курсы.



Соңғы жаңалықтар