Коронавирустың жаңа штамы әлемнің 41 елінде анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропаның бірқатар елі коронавирустың таралуына байланысты шектеу шараларын кеңейтіп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы телеграм каналға сілтеме жасап хабарлайды.

2021 жылдың 5 қаңтарынан бастап Ұлыбританияда үшінші рет қа таң карантинге жабылды . Елде тәулігіне індетті жұқтырғандардың 60 мыңнан астам жаңа деректері тіркелуде. Ұлыбритания үкіметінің бас медициналық кеңесшісі Крис Уиттидің айтуынша, Англияда әрбір 50 адамның біреуі коронавирус инфекция сын жұқтырған.

Германияда билігі де шектеу шараларын кеңейтіп жатыр. Германия Канцлері Ангела Меркель жалпыұлттық карантинді қаңтардың соңына дейін ұзартатынын және індеттің таралуын тоқтату үшін жаңа, қатаң шаралар енгізілетінін мәлімдеді. Дүкендер мен мейрамханалар, сондай-ақ мектептер қаңтардың соңына дейін жабық, оқушылар қашықтықтан оқуға ауыстырылған.

Франция мемлекеті екпе егу қарқынын жеделдетуге тырысуда. Ел тұрғындары арасында екпеге күмәнмен қараушылар басым, сондықтан Францияда вакцинация көршілес Еуропа елдеріне қарағанда әлдеқайда баяу жүруде - екпе қабылдаған адамдардың саны 3000 аспайды.

Германияда қазірдің өзінде 270 мыңға жуық адам екпе алса, Ұлыбританияда миллионнан астам адам екпелерін алған.
Бүгінгі күнде, COVID-19 коронавирусының «британдық» штамы әлемнің 41 елінде анықталған.

Еске салсақ, коронавирустың жаңа штамы туралы толық мәліметтерді мына жерден көруге болады. Әзірге Қазақстанда мұндай штамы бар ауыру белгілері тіркелген жоқ.



Соңғы жаңалықтар