USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Коронавирустың жаңа штамы әлем биржасындағы бағаға әсер етті

2021 жылғы 27 қараша 12:03
Бөлісіңіз:
Коронавирустың жаңа штамы әлем биржасындағы бағаға әсер етті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жұма күні жаңа вирус түрі туралы жаңалық әлемдік биржадағы мұнай бағасының 12%-ға төмендеуіне әкеліп соқты. Бұл соңғы бір жарым жылдағы ең үлкен құлдырау, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ресейде бір тәулікте 38 мың адам коронавирус жұқтырды Жапон ғалымдары темекі шегетіндерде коронавирус жұқтыру қаупі 1,5-2 есе жоғары екенін анықтады Сарапшылар Еуроодақ елдерінде твиндемия басталғанын болжап отыр

Энергетикалық дағдарыстың жалғасуына қарамастан, инвесторлар пандемияның жаңа толқыны адамдардың қозғалысын айтарлықтай шектеп, отынға деген сұранысты төмендетіп, жалпы экономикалық өсуді баяулатады деп үрейленіп отыр.

Соған қарамастан, алтын қымбаттап жатыр.
Егер отынға сұраныс төмендей берсе, әлемдік экономиканы қалпына келтіру одан да ұзақ және күрделі болады. Әсіресе, әуе компаниялары мен туристік кәсіпорындардың акциялары 10-15%-ға төмендеді. Бірақ ДДСҰ өкілдері барлық елдерді дүрбелең тудырмауға және жаңа шектеулер енгізуге асықпауға шақырып жатыр.
Нью-Йорк биржасындағы Dow Jones индексі бір күнде 2,5%-ға төмендеді.

Еске салсақ, Оңтүстік Африка Республикасында коронавирустың 1.1.529 атауы бар жаңа мутациясы анықталған еді.

Бұл нұсқа бұрынғыларға қарағанда әлдеқайда жұқпалы және вакциналардың оған әсері тиімсіз болуы әбден мүмкін екендігі айтылды. Коронавирустың қауіпті делінген жаңа штамына «Омикрон» деген атау берілді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT