Коронавирустың жаңа штамдарының ерекшелігі қандай – сарапшы сипаттады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық - эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми- практикалық орталығы» филиалы директорының міндетін атқарушы Манар Смағұл коронавирустың жаңа штамдарының ерекшеліктері жайында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында ол британдық штамм әлемнің 125 елінде анықталғанын атап өтті. Оның айтуынша, бір апта ішінде британ штамы анықталған елдердің қатары 7 есеге артып отыр. Мұнан бөлек оңтүстікафрикалық штамм 75 елде, бразилиялық штамм 41 елде тіркелген.

«Вирустың мутацияға ұшырау ықтималдығы жұқтырған адамдар жиілігінің артуына байланысты өсіп келеді. Жаңа мутацияның анықталған санын, жалпы SARS-CoV-2 таралуын қысқарту үшін вирустың алдын алатын барлық қажетті іс-шараларды қабылдауымыз қажет. Оған Денсаулық сақтау министрлігі кеңес беретін барлық іс-шарамен қатар COVID-19-ға қарсы вакцинациялау да кіреді. Коронавируспен ауырған адамдардың көпшілігінде ешқандай симптом болмауы мүмкін. Соған байланысты онда қандай штамм болса, онда ол адамдарға жұқтырушы болуы ықтимал. Сіздің коронавирус немесе басқа штамды жұқтырып алғаныңызды білдіретін бірде бір симптом жоқ болады. Сондықтан коронавирус жұқтыру алу тәуекелінің жоғары екендігіне күдік келтірсеңіз, онда өзіңізді оқшаулауға және тест тапсыруға кеңес береміз», - деді ол.

Сонымен қатар сарапшы коронавирустың жаңа штамдарында SARS-CoV-2-дей симптомдардың болатындығын да атап өтті.

«Бұл - дене қызуы, жөтел, дәм не иіс сезуден қалу. Бірақ, Ұлыбритания мамандарының мәліметінше, британдық штамға жөтел, қатты шаршау және бұлшық еттердің ауруы сынды симптом тән. Ал дәм мен иіс сезудің жоғалуы онша біліне бермейді. Жөтел болған кезде коронавирустың жұқтырып алу ықтималдығы бар екендігін жоққа шығаруға болмайды. Жаңа штамдардың тағы бір ерекшелігі – репродуктивтілігінің, адамдарға жұғу көрсеткішінің жоғары болуы», - деді Манар Смағұл.


Соңғы жаңалықтар