Коронавирустың ықтимал жаңа толқынына дайынбыз - Бағдат Қожахметов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов медицина жүйесі алдағы коронавирус індетінің таралуы мүмкін жаңа толқынына дайын екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында коронавирус індеті таралуының жаңа толқынына дайындық денсаулық сақтау саласының дайындығы туралы сұрақ қойылды.

«Болуы мүмкін жаңа толқынға дайындық қызу жүріп жатыр. Осы орайда министерлер, әкімдер, Үкімет басшысы өңірлерді аралап жүр. Бұл ретте емханаларға, дәрігерлерге, көмек көрсету бригадаларына, дәрі-дәрмекке қатысты мәселелермен өңірлерге сапарға барып жатыр. Сондықтан медицина жүйесі болуы мүмкін коронавирустың жаңа толқынына дайын екенін атап өтемін», - деді ресми өкіл.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков COVID-19 індетінен емдеу үшін дәрілік заттардың 48 пайызын отандық өндірушілер өндіріпжатқанын айтты.



Соңғы жаңалықтар