+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Коронавирустың ықтимал екінші толқыны: Атырауда арнайы штаб құрылды

2020 жылғы 30 қыркүйек 11:37
Бөлісіңіз:
Коронавирустың ықтимал екінші толқыны: Атырауда арнайы штаб құрылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында коронавирустың ықтимал екінші толқынымен күреске байланысты арнайы штба құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асхан Байдуәлиевтың төрағалығымен құрамына өңірдегі емдеу мекемелері басшылары кірген штабтың алғашқы отырысы өтіп, нақты жоспарлар бекітілді.

«Күн суытқан сайын вирустық жұқпалар өршиді. Сондықтан, короновирус инфекциясы тұмаумен бірге күшеюі мүмкін. Оның үстіне әлем елдерінде короновирус жұқпасын жұқтырғандар саны көбейіп отыр. Қауіпті індет өрши қалған тұста жан-жақты дайын болуымыз керек. Сол себептен, дайындықты ширата түстік», - дейді Асхан Байдуәлиев.

Арнайы штабтың отырысында жедел-жәрдем бекеттеріне диспетчерлер санын көбейту, дәрі-дәрмек қорын нақтылау, қорғаныш құралдары, өкпені жасанды желдету аппараттарының жеткілікті болуын қадағалау, тұрғындардың дәрігерлерге онлайн хабарласуын қолжетімді ету мәселесі қаралды.

Бұдан бұрын Атырау облысында карантиндік шектеу шаралары 12 қазаға дейін ұзартылғаны хабарланды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT