USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Коронавирустың тағы бір жаңа штамы анықталды

2021 жылғы 26 қараша 09:12
Бөлісіңіз:
Коронавирустың тағы бір жаңа штамы анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африка Республикасында коронавирустың 1.1.529 атауы бар жаңа мутациясы анықталған. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Психикасы зақымдалған адамдар арасында коронавирустан өлім 5 есе жоғары - мамандар Израиль 18 жастан асқан қауіп тобындағы адамдарға вакцинаның 4-дозасын мақұлдады Норвегия шетелдіктер үшін карантин талаптарын алып тастады

«Бұл нұсқа бұрынғыларға қарағанда әлдеқайда жұқпалы және вакциналардың оған әсері тиімсіз болуы әбден мүмкін», - деп баяндады агенттікке берген сұхбатында оңтүстікафрикалық эпидемиолог, профессор Салим Карим.

Жұма күні Дүниежүзілік денсаулық ұйым сарапшылары жағдайды бағалау үшін Оңтүстік Африка республикасында осы елдің шенеуніктерімен кездеседі. Вирустың жаңа нұсқасы грек алфавитінің бір әрпімен («дельта» нұсқа сияқты) атау берілуі мүмкін. Жаңа штамм «Ню» деп аталуы жоққа шығарылмайды.
Бейсенбі кешінде Ұлыбритания билігі Африканың бірнеше мемлекетінен (ОАР, Намибия, Зимбабве, Боствана, Лесото және Эсватини) келушілер үшін міндетті карантин енгізді. Бұл мемлекеттерден Британияға әуе рейстеріне уақытша тыйым салынған.
Әзірге Оңтүстік Африка Респуликасында, Гонконг және Боставанада жаңа нұсқаны жұқтырудың 59 оқиғасы расталды. Ол алғаш рет Претория ауданындағы бірнеше студенттен анықталған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT