Коронавирустың омикрон штамы қарт кісілер үшін қауіпті - дәрігер

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Коронавирустың омикрон штамы егде жастағыларға қалай әсер ететінін ҚазАқпарат тілшісіне Алматы қаласындағы №36 жалпы қалалық емхананың дәрігері Рауан Нұркенов айтып берді.

Дәрігердің айтуынша, омикрон – коронавирустың жаңа мутацияланған түрі. Бұл қарт адамдар мен вакцина алмаған азаматтар үшін қауіпті.

«Коронавирустың алғашқы бірнеше штамы сияқты, омикронның да өзіндік инкубациялық кезеңі, клиникалық көрінісі және асқынулары бар. Омикронның инкубациялық кезеңі «Дельта» штаммына қарағанда аз екені белгілі. Бұл бірнеше күнге сәйкес келеді. Қарт адамдар инкубациялық кезеңі бар контактілерден жаңа штамммен ауыруы мүмкін»,- деді спикер.

Омикронның белгілері жіті респираторлық вирустық инфекцияға ұқсас. Соныдықтан кейбір науқастар вирустың тасымалдаушысы екенін білмеуі мүмкін.

Дәрігердің сөзінше, вирустың таралуы ересек тұрғындар арасында ауруды арттырады. Осылайша, егде жастағы адамдарға қауіп төніп тұр.

«Егде жастағы адамдарда омикронның клиникалық көрінісі әртүрлі болуы мүмкін. Бас ауруынан бастап, ентігумен аяқталады. Сонымен қатар, жүрек ырғағының бұзылуына әкелуі мүмкін. Негізгі белгілері – бас ауруы, мұрыннан су ағу, тамақ ауруы, дене қызуының көтерілуі, буындар мен бұлшықеттердің ауыруы. Диагностикалық және емдік шаралар дер кезінде басталмаса, вирус жұқтырған адамның жағдайы нашарлай береді. Созылмалы жүрек-қан тамырлары, онкологиялық, қант диабеті түрлерімен ауыратын қарттарда омикрон, өкінішке қарай, негізгі аурудың ауыр асқынуын да тудыруы мүмкін», - деді Рауан Нұркенов.

Сонымен қатар, ол коронавирус қауіпті вирус екенін еске салды.Әсіресе вакцина алмағандар үшін.

«Коронавирусқа қарсы иммунитетті дамытудың жалғыз тұрақты және қауіпсіз жолы - вакцинация. Сондай-ақ ревакцинация курсы. Қарт адамдар вакцинацияны жақсы қабылдайды, бұл оларды аурудың ауыр ағымынан сақтайды», - деп түйіндеді дәрігер.


Соңғы жаңалықтар