Коронавирустың «омикрон» штамы балалар арасында қаншалықты жиі кездеседі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы 11 қалалық емхананың педиатрия бөлімінің меңгерушісі Зульфия Ибрагимова ҚазАқпарат тілшісіне коронавирустың «омикрон» штамы балаларға қалай әсер ететіні туралы айтып берді.

– Зульфия Әбдірахманқызы, айтыңызшы «омикрон» балалар арасында қаншалықты жиі кездеседі?

– Коронавирустың «омикрон» штамы КВИ-дің басқа түрлерімен салыстырғанда тез жұғады. Оның инкубациялық кезеңі өте қысқа. Егер бұған дейін біз бес күн ішінде пайда болған «дельта» штамы туралы айтатын болсақ, онда «омикронның» инкубациялық кезеңі - инфекциядан бастап аурудың дамуына дейін екі-ақ күн. Басқа штамдарда – 14 күнге дейін. Балаларда SARS-CoV-2-нің басқа нұсқаларына қарағанда жиі анықталады.

– Бұл жаңа штамм бала ағзасы үшін қаншалық қауіпті?

– Тәуекел тобына генетикалық, неврологиялық, жүрек-қан тамырлары аурулары, туа біткен жүрек ақаулары, семіздік, қант диабеті, демікпе немесе басқа созылмалы өкпе аурулары, анемия, иммуносупрессия, сондай-ақ бір жасқа дейінгі балалар жатады.

«Омикронның» клиникалық көрінісі қандай?

Негізгі симптомдар – бас ауруы, мұрыннан су ағу, құрғақ жөтел, мұрынның бітелуі, дене қызуының 2-3 күн бойы көтерілуі, бұлшық еттің ауыруы. Сондай-ақ ентігу, құсу, диарея болуы мүмкін. Инкубациялық кезең 3-4 күн. «Омикрон» жұқтырған балалардың 15% денесіне бөртпе шығуы ықтимал. Сонымен қатар пневмония мен бронхиолит дамуымен өкпенің зақымдалуын тудырады. Инфекция бір жасқа дейінгі балаларда аса ауыр өтеді, өйткені пневмония тез дамиды.

«Омикронды» жұқтырған кәмелетке толмағандарды ауруханаға жатқызу қаупі алдын ала мәліметтер бойынша, «дельта» нұсқасына қарағанда 20 пайыз жоғары. Бұл ретте ең жоғары қауіп 5 жасқа дейінгі балаларда (ДДҰ деректері бойынша) тіркелді. Балалар мен жасөспірімдер бронхиолит, пневмония сияқты асқынулармен ауруханаға жатқызылады. Жиі диарея, құсу байқалады.

– Баланы коронавирустан қорғау үшін ата-аналар не істеу керек?

– Біріншіден, қол гигиенасы. Қолыңызды жиі және мұқият жуыңыз, әсіресе көшеден келген кезде және тамақ ішер алдында. Сабындап, ысып кем дегенде 20 секунд жуу керек. Көшеге шыққанда өзіңізбен бірге бактерияға қарсы дымқыл майлықтарды және дезинфекциялау құралын алып жүргеніңіз абзал.

Екіншіден, бала қолымен бетін ұстамауы керек. Соны қадағалаңыз. Бұл ересектер үшін де қиындық туғызады: Мамандардың айтуынша, адамдар қолын бетіне сағатына шамамен 15 рет тигізеді екен. Әсіресе, тырнағын тістегенді жақсы көретін балаларға ерекше назар аудару керек. Жаман әдеттерден арылудың уақыты келді.

Үшіншіден, ересектер коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға тиіс. Сондай-ақ ревакцинация жасатқан жөн.

– Сұхбатыңызға рахмет!


Соңғы жаңалықтар