Коронавирустың омикрон штамы Алматыда болуы мүмкін –Ержан Бабақұмаров

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Коронавирустың омикрон штамы Алматыда болуы мүмкін. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Омикрон шатамы ендігі Алматыға келген болуы мүмкін, өйткені вирус жұқтыру дерегі өскені байқалады. Бірнеше күн бұрын 30 жағдай болса, бүгін ол 62 жетті. Бірнеше күнде көрсеткіш екі есеге өсті. Омикрон штамымен жастар көп аруы мүмкін. Ол тез тарап, тез жұғады», - деді Ержан Бабақұмаров журналистермен кездесуде.

Сонымен қатар ол жаңа штамға төтеп беру үшін дайындық жүріп жатқанын айтты.

«Жаппай жұқтыруды болдырмау үшін барлық санитарлық талапты сақтау керек. Қала үш бағыт бойынша дайындалып жатыр. Біз инфекция жұқтыратындардың саны артатынын түсінеміз. Медицина мекемелеріне артық жүктеме түсірмеуміз керек. Қалада құрамында дәрігерлер бар 600-ден астам мобильді топ бар. Қала әкімінің орынбасары алматылықтарды ревакцинация алуға шақырды.


Соңғы жаңалықтар