Коронавирустың қауіпті делінген жаңа штамына «Омикрон» деген атау берілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ғалымдар «біз көрген аурудың ең жаманы» деп атаған коронавирустың жаңа штамының таралуы туралы хабарламадан кейін көптеген шекаралар жабылып, рейстер тоқтатылды және бүкіл әлемде нарық құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

ДДҰ шұғыл отырысында «қауіп тудыратын» жаңа нұсқаны ресми түрде жіктеп, оған «Омикрон» деген атау берді. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, вирус Израиль мен Еуропаға жеткен.

Ресей билігі жаңа нұсқаның таралуына байланысты жұма күні Африканың сегіз мемлекетінің, Мадагаскар мен Гонконг азаматтарына елге кіруге тыйым салды.
Ковидтің таралуына қарсы күрес бойынша жедел штабтың хабарламасында шектеу 28 қараша күні сағат 00:00-ден бастап енгізіледі. Шектеу қойылған мемлекеттер тізімінде ОАР, Ботсван, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Эсватини және Танзания бар.

Еске салсақ, Оңтүстік Африка Республикасында коронавирустың 1.1.529 атауы бар жаңа мутациясы анықталған еді.

Бұл нұсқа бұрынғыларға қарағанда әлдеқайда жұқпалы және вакциналардың оған әсері тиімсіз болуы әбден мүмкін екендігі айтылды.


Соңғы жаңалықтар