+7 (701) 759 90 19
USD 409.98 EUR 462.21
RUB 5.75 CNY 58.43
Jańalyqtar

Коронавирустың дезинфекция құралдарына төзімділігі төмен – эпидемиолог

2020 жылғы 29 маусым 15:42
Бөлісіңіз:
Коронавирустың дезинфекция құралдарына төзімділігі төмен – эпидемиолог

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматы қаласы бойынша коронавирус инфекциясының таралуына байланысты эпидемиолог дәрігерлер қала тұрғындарына тағы да бірқатар кеңестер берді. Және белгіленген карантин шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Біз бұл қиындықты бірлікпен жеңеміз - университет ректоры Қазақстан тоғызыншы рет Аза тұту күнін жариялады – саясаттанушы Мұхтар Төлеген: Бұл індетке үстірт қарауға болмайтынын уақыт анық көрсетті

Эпидемиологтар әрбір расталған немесе коронавирус инфекциясын жұқтыру мүмкін (ықтимал) болған жағдайларға эпидемиологиялық тексеру жүргізеді. Қазіргі уақытта аталған қызмет күшетілген режимге көшті. Яғни, тәулік бойы жұмыс істейді. Әрбір жағдайды зерттеп, байланыс жасағандарды анықтағаннан кейін эпидемиологиялық қызметтегілер КВИ расталғандарды емдеу үшін оларды қайда жеткізу керектігін және байланыс жасағандарды оқшаулау үшін қайда жолдау керек екенін анықтайды. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, сонымен бірге, медицина қызметкерлерінің арасында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін денсаулық сақтау ұйымдарына инфекциялық бақылау жүргізеді, сол арқылы мамандар тапшылығының алдын алады.

«COVID-19 – бұл осыған дейін адам баласы ешқашан ұшырасып көрмеген қауіпті және жасырын инфекциялық ауру. Әзірге одан вакцина жоқ, және одан өзіңді қорғаудың жалғыз жолы – ол қолды таза ұстап, әлеуметтік қашықтықты сақтау, антисептиктерді пайдалану және шектеу шараларын ұстану. Аурудың күрт өршуінен тек осылай ғана айналып өте аламыз», - дейді эпидемиолог дәрігер Динара Бектұрсынова.

Динара Бектұрсынованың айтуынша, вирус ауа тамшылары арқылы таралады. Коронавирусты жұқтырған адам вирусты сөйлесу кезінде, түшкіргенде және жөтелгенде айналасындағыларға жұқтыруы мүмкін, соған байланысты 2 метрге дейін әлеуметтік қашықтықты сақтау керек. Вирусты жүрек қан тамырлары және эндокриндік жүйе ауруларына шалдыққандар жиі жұқтырады. 65 жастан асқан адамдарда осындай патологиялар жиі кездеседі, сондықтан олар тәуекел тобына енген.

Вирус беткі қабатта өмір сүруге қабілетті, бірақ дезинфекциялық құралдарға төзімділігі төмен. Сол себепті тұрғындарға жуғыш заттарды қоса отырып, үйде ылғалды тазалық жүргізуге және тазалық жүргізгеннен кейін шүберектерді жақсылап жуып, кептіруге кеңес берілді. Сонымен бірге, ғимараттарды әрбір екі сағат сайын 10-15 минут желдетіп отыру қажет.

Динара Бектұрсынова сырқат белгілері болған жағдайда дәрігерге хабарласып, оқшауланып, үйден шықпау қажеттігін еске салды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT