Коронавирустың «дельта» штамының қауіптілігі қандай

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Омарбеков коронавирустың «дельта» штамының қауіптілігі қандай екендігін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірде Covid-19 инфекциясын жұқтырғандар саны өсіп келеді. Бұл бүкіл Қазақстан аумағында «дельта» штаммының таралуына байланысты болып отыр. Үнді штамы өте қауіпті. Ол агрессивті әрекет етіп, науқастар көбінесе орташа ауыр және ауыр халге түседі», - деді Ермек Омарбеков.

Оның айтуынша, коронавирустың бұл түрінің таралу жылдамдығы жоғары және өкпе жасушаларына бірден әсер етеді.

«Медициналық мекемелерге аурудың ауырлығы орташа дәрежедегі науқастар келіп түскенде біз оларды тексереміз. Байқауымызша, бірнеше күн өткен соң өкпенің зақымдануы 70-90 пайызға дейін жетеді. Сондықтан «дельта» штамының әлдеқайда қауіпті екендігін қаперде ұстауымыз керек», – деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.


Соңғы жаңалықтар