Коронавирустың британдық штамы Қазақстанда анықталған жоқ – министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронивирустың анықталуы мүмкін штамдарына күн сайын молекулярлық-генетикалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Вирустың мутациялға бейімділігін ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі тұрақты түрде Қазақстанда коронивирустың анықталуы мүмкін штамдарына күн сайын молекулярлық-генетикалық зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Талдау жұмыстары зерттелген сынамалар генетикалық тұрғыда Германияда, Испанияда, Украина, Ресей, АҚШ пен Қытайда анықталған штамдармен ұқсас екенін көрсетті. Аурудың симптомды және симптомсыз формалары, сонымен қатар вирустың таралуы мен аурудың ауырлығы вирустың қандай да бір генетикалық желіге тиесілі екеніне тәуелді емес. Анықталу жиілігі жоғары мутациялар айқандалды. Зерттелген сынамаларда коронавирустың британдық штамы анықталған жоқ», - деп сендірді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Министр сонымен қатар бұл бағытта жұмыс жалғасатынын мәлім етті.


Соңғы жаңалықтар