Коронавирустың беті қайта бастағанымен Бейжіңде жоғары деңгейдегі төтенше жағдай тоқтатылмады

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайда коронавирус індеті басыла бастағанына қарамастан, бүгін елдің Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитеті ҚХР басшылығы үшін маңызды міндеттердің бірі осы вирустың шет елдерге таралуын болдырмау екенін мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Осы аптада ҚХР Мемлекеттік кеңесі жанындағы індетпен күрес бойынша басқарушы топтың кезекті отырысының қортындысы бойынша, шетелдерде коронавирустың тез таралуына байланысты шетелдіктер көп келетін Бейжің секілді ірі мегаполистерге келу қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту көрсетілген.

Сондай-ақ соңғы тәулікте Қытайдың құрлы бөлігінде тіркелген коронавирус инфекциясын жұқтырудың 15 жаңа расталған жағдайының алтауы сырттан келгендерге қатысты, делінген ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің хабарламасында. Жалпы, қазіргі уақытта вирусты сырттан жұқтырудың жалпы саны 85-ке жетті.

Қытайдың мегаполистерінде төтенше жағдайға қарсы әрекет етудің ең жоғары деңгейі алынып тасталмайды

ҚХР-дың 24 әкімшілік-аумақтық бөлінісінде халықтың денсаулығына байланысты төтенше жағдайларға ден қою деңгейі төмендетілсе де Бейжің, Шанхай, Тяньцзинь сияқты мегаполистерінде ең жоғары деңгейде қала береді.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Бейжіңге халықаралық рейстермен келетін жолаушылар 11 наурыздан бастап 14 күнге карантинге жатқызылуы керек. Бұл шара шетелдіктерге де, Қытай азаматтарына да қатысты.

Сонымен қатар, Бейжіңге аз уақытқа іссапармен келген жолаушылар қатаң белгіленген қонақ үйлерде қалып, коронавирусқа тексеруден өтуі тиіс. Коронавирус тестінің теріс нәтижесі белгілі болған соң ғана аталған санаттағы адамдар ел астанасында еркін жүре алады.

Коронавирустың таралуын бақылаудағы Бейжің тәжірибесі

Қытайда коронавирустың күрт таралуы кезінде, қаңтар айының соңында– ақпан айының басында, Бейжің билігі ел астанасын оқшауламады. Қала маңында және Бейжіңдегі аудандарда жергілікті тұрғындар мен басқа қалалардан келгендерге және шетелдіктерге санитарлық бақылау шараларын күшейтті.

Мысалы, астаналық Чаоян ауданының Хэйчжуанху қалалық кентінде (халық саны 74 мың адам) Бейжіңнің тарихи орталығынан шығысқа қарай ТЖ-ға ден қоюдың ең жоғары деңгейі енгізілген сәттен бастап мұнда коронавирус инфекциясын жұқтырудың бірде-бір расталған немесе күдікті оқиғасы анықталған жоқ.

«ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында аталған кент басшысының орынбасары Тянь Хэ Хэйчжуанхада қатаң өткізу режімі мен арнайы тіркеу жүйесін енгізудің арқасында ғана коронавирустың таралуына жол бермеу мүмкін болғанын айтты.

Кентте 38 өткізу пункті орнатылды, онда жергілікті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері 24/7 режімінде кентке кіретін адамдардың дене қызуын өлшейді және олардың арнайы рұқсатнамаларын тексереді. Рұқсат етілмегендер қалаға кіргізілмейді.


Авторы Руслан Сүлейменов


Соңғы жаңалықтар